spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында Жас полиция қызметкерлерінің ата аналарына алғыс жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

А.ж. 25 желтоқсанда Ақмола облысының полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті, онда құрметті қонақтарға-ерекше көзге түскен жас полиция қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етілді.
Іс-шараны ашу кезінде Департамент бастығы полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев полиция қызметкерлеріне әрқашан ерекше міндеттер жүктелетінін айтты. Мемлекет басшысы атап өткендей, қызметкерлерімізге кәсіпқойлар ретінде еңбекқорлық, жұмыстарында жоғары берілгендік пен жігер тән.
Нұрсұлтан Маратұлы келешекте жас қызметкерлер қазақстандық құқық қорғау жүйесін дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді. Ол өзінің сөзінде жас әріптестеріне лайықты қызмет етуді және қызметтік борышын орындаудың үлгісі болуды тіледі.
Алғыс хаттарды тапсыру рәсімі барысында департамент басшысы жас мамандардың ата-аналарына қызметке кіру кезінде қатаң іріктеуден өткен және жұмыстың алғашқы күндерінен бастап өздерін жақсы жағынан көрсеткен ұлдарын тәрбиелегені үшін алғысын білдірді. Бүгінгі таңда олардың күш-жігерін тәлімгерлер жоғары бағалайды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Ақмола облысының полиция департаментінде 225 жас маман жұмыс істейді және олардың әрқайсысына көп жылдық кәсіби тәжірибесі бар білікті қызметкерлер бекітілген.
Іс-шара барысында Тәрбие жұмысы және кадр саясаты басқармасының қызметкерлері ведомствоның құрметті қонақтарына полиция департаментінің мұражайына экскурсия ұйымдастырып, ведомствоның тарихымен таныстырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img