spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
20.2 C
Kokshetau

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз
«Бір ауыл – бір өнім» 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға сәйкес әзірленген «Мен кәсіпкер» құралы аясында іске асырылуда. Жобаның мақсаты – сертификаттаудан өткен әрі сұранысқа ие бірегей сапалы өңірлік өнімді жасауға ауыл тұрғындарын тарту, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Әлеуетті өндірушілерге «Бір ауыл – бір өнім» қызметтері әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарында ұсынылады.

Үздік өнім еліміз бойынша іріктеліп алынады. Биыл жобаға 500-ден астам кәсіпкер қатысты. Аталмыш жоба ең перспективалы тауарларды анықтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде негізінен тамақ өнімдері, ұлттық бұйымдар мен биотехникалық өнімдер бар.

Жобаның іріктелген қатысушыларына өндіріс технологиясы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өнімді жылжыту және өткізу, тауар белгілері мен сапа стандарттарын әзірлеуге, өндірілген жергілікті өнімді сертификаттауға қолдау көрсетілді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

Жобаны 2025 жылдың желтоқсанына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика