Бейбіт Жүсіповтың төрағалығымен сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың жетінші кезекті сессиясы өтті.
Өңірді дамыту үшін бірқатар маңызды мәселелер, оның ішінде «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» сұрақ қаралды. Келесі жылғы бюджеттің негізгі параметрлерін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шұғырмақова айтты. Негізгі мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Қойшыбаев, депутат Руслан Шамкенов, Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Дастан Әкімов сөз сөйледі.
Мәслихаттың «Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді, Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары келісілді.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының индикаторларына қол жеткізу туралы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин баяндады. Осы мәселе бойынша жарыссөзде әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Айнагүл Балташева, депутат Нұрлан Тәжин сөз сөйледі.
Депутаттар сондай-ақ облыстық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізуге дауыс берді, оның ішінде – «Ақмола облысының ауылдық жерлері мен кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы», консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамдарын бекітті.
Облыстық мәслихаттың қызметіне байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.