spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
16.4 C
Kokshetau

Интернеттегі алаяқтық – қылмыстың кең таралған түрі

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы жылдары банктік деректерді, құпия сөздерді, PIN-кодтарды алу, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарнама беру арқылы онлайн алаяқтық кеңінен тарылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін алдау немесе теріс пайдалану жолымен алаяқтық жасағаны үшін.қылмыстық жауапкершілік көзделген (190-бап 2-б., 4-т.)

Мысалы, азамат П., түрмеде отырып, интернетке қол жеткізе отырып «Krisha.kz» сайтында Астана қаласының аумағында пәтерді жалға беру туралы хабарландыруды орналастырған, оған Қосшы қаласында тұратын азаматша Ш. жауап берген. Жалға берушіге және берілген ақпаратқа толық сенім артып, пәтерді жалға алу үшін К. азаматына ақшаны жіберген.

Осыдан кейін Ш. азаматша келісім-шарт жасау және кілттерді алу үшін пәтердің мекенжайына барды, ол жерге келгеннен кейін бұл пәтерде басқа адамдар тұратынын және тұрғын үй жалға берілмейтінін білді. Ал азамат П. байланысқа шығуды тоқтатты.

Қосшы қ. сотының үкімімен азамат П. ҚР ҚК 190-баптың 2- бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды және ол кінәні мойындағаның ескеріп, 2-жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Осыған байланысты прокуратура азаматтарды қырағы болуға және ешкімге жеке деректерді  бермеуге шақырады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика