Ақмола өңірінің полиция департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Күшейтілген режимде қызмет атқаратын полицейлерді мемлекеттік мерекемен ПД бастығы полковник Нұрсұлтан Мұқашев құттықтады.
«Осы мереке күндері біз құқықтық тәртіпті қорғап, азаматтардың тыныштығын сақтаймыз. «Заң және Тәртіп» қағидаты қазақстандық қоғамның идеологиялық, саяси бастауына айналып, кез келген бұзушылықтарды мүлде қабылдамау ахуалын қалыптастыруға тиіс», – деп жеке құрамға жалпы гарнизондық нұсқама беруде бірінші басшы осындай сөздермен жүгінді.
Іс-шара соңында полицейлер салтанатты шерумен өтті.
Қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасы кезеңінде жаяу жасақтар мен патрульдік экипаждар тығыздалды, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспекторлар профилактикалық есептерде тұрған және алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарды тексеретін болады.
Полицейлер азаматтардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақтауды, құқық бұзушылық жасамауды, сондай-ақ ауа-райына байланысты өңірдің автожолдарындағы ықтимал қозғалыс шектеулері туралы құзыретті қызметтердің хабарламаларын елеуді талап етеді.