spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Энергетика күнімен құттықтауы

Сондай-ақ...оқыңыз

Құрметті энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Энергетика – ел экономикасының негізгі салаларының бірі, үйіміз бен жұмыс орнымыздағы амандық-саулық пен тыныштық осы саланың  тұрақты және тиімді жұмыс істеуімен тығыз байланысты.

Энергетиктің жұмысы ең жоғары кәсібилікті, жауапкершілік пен тәртіпті талап етеді. Энергетика саласындағы кәсіпорындарда тәжірибелі, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, оларға өздері қызмет көрсететін нысандардың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Құрметті жерлестер!

Сіздер облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарын, әлеуметтік нысандарын және аймақтың барлық тұрғындарын өмірлік маңызы бар жеңілдіктермен қамтамасыз етіп келесіздер. Сондықтан, сіздерге жақсы ұйымдастырылған, жедел де үздіксіз жұмыстарыңыз үшін көп рахмет!

Осы орайда, әсіресе сала ардагерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді. Олардың қажырлы еңбегі, кәсіби білімі мен тәжірибесі біздің аймақтың энергетикалық кешенінің қуатты базасын қалыптастырды. Осынау қиын да құрметті мамандықты өмірлік кәсібі ретінде таңдаған энергетиктердің жас буыны бұл озық дәстүрлерді лайықты жалғастыра білуде.

Осынау мереке күні сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін. Кәсібилік пен өз істеріңізге берілгендік әрқашанда сіздердің басты қасиеттеріңіз болып қала берсін!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img