Облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында құрылыс саласындағы түйткілді мәселелер, сондай-ақ қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіров сөз сөйледі.
«Облысымыздың он аймағында 62 ұзақ мерзімді құрылыс нысаны бар, оның 9-ы әлеуметтік, 53-і тұрғын үй құрылысы. Құрылыстың ұзаққа созылуының негізгі себебі құрылыс материалдарының қымбаттауы, мердігерлердің жоқсыздығы, т.б.», – деді М.Әубәкіров.
«Бүгінде өңірлер әкімдері жұмысының түрі ғана емес, мазмұны да өзгеруде. Біздің басты міндетіміз – бөлінген мемлекет қаржы өз нәтижесін беруін қамтамасыз ету. Құрылыс жобаларын қабылдау кезінде негізгі параметр сапалы болуы керек, бұл жаңа нысандарды ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. Мерзімдер мен сапаны орындамағаны үшін мердігерлер заңды жауапкершілікке тартылуы керек. Ал қаржыландырудың жоқтығынан мерзімі кешіктірілген жобалар аяқталуы тиіс», – деді өңір басшысы.
Жиында тағы бір өзекті мәселе – қыста жолдарды күтіп ұстау талқыланды.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков айтқандай, бұл жұмыстарды жүргізу үшін мердігерлермен келісім-шарттар жасалып, 132 бірлік қар тазалау техникасы жұмылдырылды, инертті материал сатып алынды, жолдардың қар көшуге бейім аймақтарының тізімі бар. Мердігер ұйымдарда жанар-жағармайдың және мұздан тазартатын материалдың қажетті қоры бар. Желіге уақытында шығу үшін жылытылатын бөлмелер мен жабдықтарға арналған гараждар бар.
Сондай-ақ аудан әкімдіктері мен жергілікті кәсіпкерлік субъектілер арасында аудандық маңызы бар жолдарды және елді мекендердің жол желілерін тазарту шараларын қарастыратын 333 меморандум мен келісім-шарттар жасалды.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы өңірлік әкімдіктер жолдарды қардан тазарту, сондай-ақ көктайғақта қала жолдары мен тротуарларына тез арада құм төгу мәселелерін бақылауға алу керектігін қадап айтты.
Айта кетсек, қысқы жөндеу жұмыстары 5 626 км жергілікті маңызы бар жолдарды қамтиды, оның ішінде облыстық маңызы бар 2 661 км және аудандық маңыздағы 2 965 км.