spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

«Мәңгілік жаса қыран елім – Қазақстаным» облыстық байқауда үздік театр қойылымы таңдалды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Мәңгілік Жас қыран елім – Қазақстан» облыстық сахналық ән байқауын өткізді.

Іс-шара балалар мен жастардың бойында патриоттық әндерді сахналауға, дарынды жас орындаушыларды анықтауға және қолдауға, жастардың рухани-шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы отансүйгіштік пен жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді

Байқауға қатысу үшін 32 композиция жіберілді, оған 9 ауданнан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан 82 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
I орын – Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылы мектеп-гиназиясының ұжымдық жұмысы;
II орын – Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің ұжымдық жұмысы;
II орын – Әділбек Мансұр – Көкшетау қаласы, №17 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;
III орын – Серік Жалғас – Көкшетау қаласы, №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
III орын – Серікбай Айлана Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы;
Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімі бойынша шығармашылық белсенділік пен креативті көзқарас танытқан қатысушылар анықталды. Оларға грамоталар беріледі:
1. Қанат Айзере – Қорғалжын ауданы, Амангелді ауылы, жалпы орта білім беретін мектебі;
2. Біржан Сал ауданы, Степняк қаласы, Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымдық жұмысы;
3. Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Балалар жасөспірім шығармашылық орталығының ұжымдық жұмысы;
4. Зеренді ауданы, Ортағаш ауылы, негізгі орта мектебінің ұжымдық жұмысы.

Жүлделі орындардың иегерлері дипломдармен, белсенді қатысушылар грамоталармен марапатталады, жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика