spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
30.2 C
Kokshetau

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында 14 кітаптың тұсауы кесілді

Сондай-ақ...оқыңыз
Алматыда «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында жарық көрген 14 кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР мемлекеттік Кітап палатасы ұйымдастырды. Айтулы жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев,  Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қуантай және қоғам қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, мемлекеттік бағдарламамен жарыққа шыққан кітап авторлары мен кітапты шығарушы баспагерлер, кітапхана қызметкер қатысты.

«Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кітап индустриясын дамытуға баса назар аударғаны белгілі. «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырудағы үлкен қадамдардың бірі. Бұл сериямен бұрын жарық көрмеген, әдебиетке тың серпін берген және қазақ әдебиетінің жаңа келбетін қалыптастыруда айрықша орын алатын әдебиеттер басылып шығатыны баршаңызға мәлім. Жаңа қазақ әдебиеті өкілдерін қолдау министрліктің әрдайым назарында» – деді Арман Жүдебаев.

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында өткен жылдан бері қолға алынған бірегей бастама. 2022 жылы осы бағдарламамен 10 автордың кітабы жарық көріп, әрқайсы 3 мың данамен еліміздің түпкір-түпкіріне жеткізілді. Биыл жарыққа шыққан 14 кітаптың барлығы да еліміздегі кітапханалардың қорын толықтырады.

Жиын барысында іс-шараға қатысушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін талқылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Жасыл ел» еңбек маусымы ресми түрде ашылды

Ақмола облысында жастардың қатысуымен өтетін ең ірі экологиялық әрі еңбекке баулу жобасы – «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек маусымы ресми...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика