spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

“Қазақ тілі” қоры тілді дамыту аясын кеңейтуде оң нәтежиесін беретіне сенеміз – сот маманы 

Сондай-ақ...оқыңыз

Жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік болып қалуы – ұлттық тілінің сақталып қалуы болып табылады. Осыдан тура 30 жыл бұрын, яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін егемендік алған соң 1995 жылғы Ата заңымыздың 7 бабына сай «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды. Әрі қарай – 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгеленген болатын.

Дегенмен де, осы күні егемендігімізге 32 жыл болсада, қазақ тілі Кеңес заманынан қалыптасып қалған орыс тілінің көлеңкесінде дамып келе жатқаны «ащы» шындық. Жасыратыны жоқ, тіліміз өз елінде, өз жерінде «аса қажеттілікке» айналмай, атына заты сай болмай, мәртебесі мемлекеттік болғанымен қоғамның барлық саласында толыққанды қолданылмай келе жатқан  мемелекеттік тіл болып отырғаны ақиқат.

Қазақ тілі – дүниедегі ең шұрайлы, кестелі тілдің бірі деп жатамыз. Ия, Қазақ тілі – өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар қанша, жылытатын, жұбататын жырлар баршылық. Қазақ халқының бойына сіңген ата – бабаларымыздың тәлім – тәрбиесі, үлгі – өнегесі, біздің тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық. Осындай гауһар тілімізді өз дәрежесінде пайдалана алмауымызға кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясаты әсер етсе, ал дәл қазіргі күні қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы қажет деп санаймын. Өз сөзімді қорытындылай келе Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дей келе қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен.

Осы орайда, президентіміздің “Қазақ тілі” қорына алғашқы болып жеке қаражатынан 7000.000 теңге аудартып, қазақ тілінің дамуы мен кеңінен пайалану арқылы аясын кеңейтуге қосқан үлесі оң нәтежиесін беретіне кәміл сенеміз.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнідегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-Ақан Дайыркен

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img