Марат Ахметжанов:
✔️Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады;
✔️өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берді:
➤ негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жеткен;
➤ оның ішінде жеке инвестиция 435 миллиард теңгеден асқан. 154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған.
✔️шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатқанын айтты:
➤ жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскен;
➤ Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылғанын және «Ақ-Дала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келетінін хабарлады. Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік берген.
✔️жылыту маусымының барысы туралы баяндады:
➤ барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынған;
➤ Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандар кезең-кезеңімен жаңғыртылған.
✔️Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді;
✔️халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасын таныстырды.
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.