spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
4.3 C
Kokshetau

Қосшы қаласында мобильді пост жұмыс істей бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

1 желтоқсаннан бастап Қосшы қаласында Ақмола облысы ТЖД және қалалық әкімдік күштерімен мемлекеттік өртке қарсы қызмет кезекшілігі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Мобильді посттың ашылуына Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев, Қосшы қаласының әкімі Ғайдар Қасенов, депутаттық корпус пен жергілікті қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Күн сайын жауынгерлік есеп пен 2 бірлік өрт техникасы кезекшілік атқарады, олар 100 мыңнан астам халқы бар Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылын қорғауды жүзеге асыратын болады.

«Астана агломерациясын өртке қарсы қорғау облыс әкімі мен ҚР ТЖ министрінің ерекше бақылауында тұр. Тиісті тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда елордамыздың барлық жақын маңдағы ірі елді мекендерінде жер телімдері бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика