Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде су объектілерінде адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау жиі қайғылы жағдайға әкеледі. Күзгі мұз қараша мен желтоқсан айлары аралығы- мұз қату кезеңінде су қоймаларындағы мұз әлсіз және сынғыш, қалыңдығы әртүрлі. Оның бетіне шығу өте қауіпті. Дегенмен, жыл сайын көптеген адамдар сақтық шараларын елемейді және көктемгі жұқа мұзға шығады, осылайша өздерін және серіктерін қауіпке ұшыратады.
Мұзды суда ересек адамның шыдауы орташа есеппен 20 минуттан аспауы мүмкін, әдетте бұл уақыт 5-8 минутты құрайды, содан кейін гипотермия өлімге алып келеді, сонымен қатар дымқыл киім төмен, тереңдікке қарай тартып, өлімді тездетуі мүмкін.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ең қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
Мұздың қалындығы сенімсіз болған жағдайда мұзға шықпаңыз! Аязды ауа-райы қалыптасып, мұздың қалыңдығы 7-10 см жетпегенше мұздың қалындығы сенімсіз. Ал егер аса қажеттілік жағдайда су айдыны үстімен өту қажет болса, абайлап өткен дұрыс, қадамыңызды жылжыма, аяғыңызды табаныңызбен толық басыңыз.
Тәуліктің қараңғы уақыты мен көрудің нашарлығында (егер тұман, қар, жаңбыр болса) мұзға шықпаңыз. Жұқа мұз өзен-көлдердің жиегінде, иірімдерде, иінінде, қатып қалған заттардың маңында, жер асты қайнар көзі тұсында, су айдындарына жылы суды ағызу орындарында және құбыр суағарлары маңында болады.
Мұздың беріктігін аяқтың, заттардың соққысымен тексермеңіз. Егер бөрененің немесе шаңғы таяқшасының алғашқы қатты соққысынан кейін кем дегенде аздап су пайда болса, бұл мұздың жұқа екенін білдіреді. Бұл жағдайда аяғыңызды мұздан көтермей, жылжымалы қадамдармен немесе жорғалап жағаға қарай өз жолыңызбен дереу шегіну керек.
Балаларды үлкендердің қарауынсыз су айдыны жанына жібермеңіз. Ойынға құмар балалар жиі тәуекелге ұшырайды және олардің қауіпсіздігі үшін жауапты ересектер балалар есіне сақтық шараларын үнемі салып отыру қажет.
Балық аулаушылар да өздерін әуесқойлық қызығушылығына ере отырып су айдындарындағы мұз қауіптілігін елемей, су қоймаларына жәшіктері мен мұзды бұрғылау құралдармен барады. Осы кезде маңызды мәселе мұздың сенімді екеніне, қауіпсіздігіне көз жеткізу.
Балық аулауға қатысты тағы бір тәуекелді мәселе – көліктермен мұзға шығу. Көліктермен, мотоциклдермен, квадраттармен және басқа қарда жүретін көліктермен жүру қыста мұздың қалыңдығы 70 сантиметрден астам болған жағдайда қауіпсіз болса, енді ғана қатайып келе жатқан су айдынының мұзды қабаты бұндай ауырлыққа төтеп бере алмайды. Көлік бірден омырылған мұз астына түсіп, адам өмірін өзімен бірге алып кетуі мүмкін. Мұзға шығар алдында мұздың қалыңдығын мұқият тексеріп, қауіпсіздік нұсқауларын қатаң сақтау маңызды.
Егер қауіпті жағдай туындаса «112» құтқару қызметіне қоңырау шалу арқылы оқиға туралы дереу хабарлаңыз.
Қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырмаңыз. Мұз үстінде қауіпсіздіктің басты ережесі: оның беріктігі мен сенімділігіне көз жеткізбей, оны баспаңыз! Абай болыңыздар!
“Бурабай”МҰТП баспасөз қызметі