Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары С.Қ. Ілиясовпен Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-е қарасты №1 және №2 Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ң мекемелерінде сотталғандарды жеке қабылдау жүзеге асырылды.
Осы мекемелерде басты назар құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері тарапынан сотталғандардың құқықтарын бұлжытпай сақталуына аударылды.
Сотталғандарға қатысты азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын әрекеттердің алдын алу шеңберінде мекемелерде орнатылған барлық бейнекамералар шоғырланған жедел бақылау орталықтарының жұмысына ерекше назар аударылды.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған мекемелерде барлық соқыр аймақтар жойылып, бейнежазбаларды онлайн қарау үшін прокуратура органдарына арна қосылған.
Облыс прокурорының бірінші орынбасары 19 сотталғандарды жеке қабылдауына қабылдап, арыз-шағымдар мәні бойынша жедел шешілді.