spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.2 C
Kokshetau

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карта мүмкіндіктері таныстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мектепке кіру, оқу материалдарының қолжетімділігі мен асханада тамақтану. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карталар іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні көрсетілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жүйе пилоттық режимде елордалық №95 мектеп-лицейінде енгізілген болатын. Мұнда картадан бөлек, биометриялық тану мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл дегеніміз – егер оқушы қандай да бір себеппен картасын ұмытып не жоғалтып алған жағдайда, ғимаратқа бет-жүзін тану құрылғысы арқылы кіре алады.

«Бір карта арқылы оқушы кітапханадағы оқу материалдарын алады, мектеп асханасында тамақ сатып алады, қалалық автобус қызметін пайдаланады», — деді оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Карта мен биометрия мүмкіндіктері вице-премьерге көрсетілді. Атап өтейік, астаналық мектепте бастауыш сыныптарда білім алатын 900-ге жуық бала мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 36 оқушыға тегін тамақ қарастырылған. Ал карта қолдану жөніндегі мәліметтер тек ата-аналарға ғана қолжетімді болады.

«Цифрландыру біз үшін өте маңызды. Бұл жүйенің ашықтығын қамтып, оқушы мен ата-ана үшін ыңғайлы жағдай жасап қана қоймайды. Мұнда балалардың қауіпсіздігі мәселесі де бар», — деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар мұндай жүйелер пилоттық режимде Шымкент қаласында, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы мектептерде жұмыс істеп тұр. Оқу-ағарту министрлігі келер жылдан бастап технологияны өзге өңірлерде енгізуді жоспарлап отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика