Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғыннан ағымдағы жылдың 25 қарашасында белгісіз адам Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаны алдап иемденгені туралы өтініш келіп түсті.
25 қарашада зардап шеккен адамға ресейлік нөмірден, ол Instagram-да авторлық құқықты бұзғаны және егер ол сілтеме бойынша сауалнамалық деректерді толтырмаса, оның Instagram-дағы парақшасы бұғатталатыны туралы WhatsApp-қа хабарлама келіп түскені анықталды. Ол сауалнама деректерін толтырғаннан кейін оның Instagram парақшасы бұғатталды. Алаяқтар одан әрі 80 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша талап ете бастады және бұл сілтемені барлық тіркелушілеріне жіберген. Бұл туралы жәбірленуші таныстарынан білді.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК 205-бабы бойынша «Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникация желісіне заңсыз қол жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Полицейлер ақмолалықтардан мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі күмәнді хабарламаларға бейтаныс адамдардан, әсіресе шетелдік нөмірлерден келген хаттарға жауап бермеуді сұрайды және сілтемелер бойынша өтпеу керектігін баса айтады, өйткені олар жүлделі ұтыс ойындары және басқа да «тартымды» ұсыныстар бар хабарламаларды жіберіп, әр түрлі қауіп-қатерлерге төндіріп жатады, өкінішке орай, аңғал және сенімді азаматтар соған сеніп қалады.