spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Көкшетауда Республикалық Солтүстік «NOMAD LIGASY» финалы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жайдарман – еліміздегі ең алғашқы жастар арасындағы әзілден құралған ойын түрі. Астары бар әзіл, саясаттың қыр-сырын күлкі арқылы жеткізу, әрбір адамның қолынан келе бермейді. Осындай талантты жастар қоғамға үлестерін қосып және жалпы жастар саясатындағы қозғалысты дамытып, еліміздің рухани байлығын кеңейтуде атсалысып жүрген жастар баршылық. 20 жылдан астам тарихымен талай жастарды биік шыңдарда көрсетіп жүрген бұл ойынның орны ерекше.

Осыған орай, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «JAIDARMAN»  әзіл-сықақ ойынының Республикалық Солтүстік «NOMAD LIGASY» финалы өтті. Қызыққа толы жергілікті командалардан бөлек, ойынға еліміздің өзге қалаларының үздік жайдарманшылары қатысады. Айта кету керек, ойынның әр маусымы еліміздің солтүстік өңіріндегі қалаларында өтті.

Ойын нәтижесі бойынша 1-орынды Петропавл қаласынан қатысқан «Қызылжар» құрамасы иеленсе, 2-орын Қостанай қаласынан келген «Есте сақта» командасына бұйырды. Ал 3-орынды Астана қаласынан қатысқан «Сейфуллин» құрамасы иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы иегері «Есте сақта» құрамасынан қатысқан Есболсын есімді жас жайдарманшы атанды.

        

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика