spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Болашақта мемлекеттік қызметке іріктеу толығымен цифрлық форматқа көшірілетін болады – МҚІА

Сондай-ақ...оқыңыз
Мемлекеттік қызметке іріктеу барысында үміткерлер тапсыратын нормативтік-құқықтық актілерінің саны 9-дан 4-ке дейін азайтылды. Ал іріктеу кезінде азаматтардың сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау қабілеттілігін бағалауға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында агенттік төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлім етті. Оның айтуынша, жоғарыда аталған қабілеттерін анықтау үшін арнайы тест тапсыру қарастырылған.

Ал басшы лауазымға қатысты конкурстар бойынша эссе жүргізіледі. Ең үздік балл жинаған 3 кандидат конкурстық іріктеуге жіберіледі. Ол әңгімелесу әдісімен өтеді және әр азаматтқа балл қойылып, нәтижесінде үміткер анықталады.

Сондай-ақ, ол осы жылдың наурыз айынан бастап 5 мемлекеттік органға іріктеу пилоттық негізде толығымен цифрлық форматқа көшірілгенін жеткізді.

«Дәстүрлі конкурстық іріктеу, арнайы тестілеу залдарына барып, тест  тапсыру әдістері бұрынғының еншісінде қалды. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе «е-қызмет» аясында әр азаматтың өзінің бағын сынап, қашықтан үйде отырып, конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар. Мұның ең басты жетістігі – іріктеу процесін одан әрі қолжетімділігін арттыру. Себебі азаматтар жолға қатысты шығындарын өтемей-ақ, қашықтан конкурсқа қатыса береді», – деді спикер.

Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл конкурстың өзара конкуренциясын арттырады. Және азаматтардың, әсіресе жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтарын арттырады.

«Ең соңғысы және ең бастысы – адами факторды мейлінше жояды. Себебі  осы жаңа жүйеде барлық конкурс нәтижелері цифрлық түрде белгіленіп, әр үміткер өзінің іріктеу барысында әділетті баға алуына толықтай сенімді болады. Сондықтан мемлекеттік қызмет әлі де тартымды болады деп ойлаймын. Әрине осы пилоттық жоба 2024-2025 жылдары толықтай мемлекеттік органдардлы қамтиды деген үміт бар», – деп қорытындылады өз сөзін Салауат Мүксімов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img