spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
11.6 C
Kokshetau

Сервистік модель, жеңілдетілген бақылау және цифрландыру – жаңа Салық кодексі қандай болады

Сондай-ақ...оқыңыз
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында заң жобасында салықтық әкімшілендіруге баса назар аудару жоспарланып отыр. Қазыналық органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа сервистік моделін енгізу қарастырылып отыр. Есептілік қысқартылып, салықтық бақылау жеңілдетіліп, барлық процесс цифрландырылмақ.

Елде түсінікті және болжауға болатын қазыналық саясатты қалыптастыру үшін барлық жаңа тәсіл мен жоспарланған өзгеріс салық саясатының тиісті тұжырымдамасында көрініс табатын болады. Кодекстің өзін Қолданысқа енгізу туралы жеке заңсыз қабылдау ұсынылады.

Экономика секторларына байланысты сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу бойынша заң жобасының тұжырымдамалық мәселелерін пысықтау жалғасуда. Мұндай өзгерістердің қажеттілігін ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ басқа да баяндамаларында бірнеше рет атап өткен.

Отырысты қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Салық кодексі жобасының мәселелерін одан әрі зерделеуді тапсырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img