spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Республикалық пәндік олимпиадаға 90 мыңға жуық ауыл оқушысы қатысуда

Сондай-ақ...оқыңыз
Елімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Бірінші республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Ведомство басшысы Ғани Бейсембаев Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Министр Ақмола облысындағы №1 Қоянды жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесті. Еліміздің бас ұстазы қатысушылар алдында сөз сөйлеп, алдағы зияткерлік сайыста сәттілік тіледі.

«Пәндік олимпиадалар – бұл сіздердің алғашқы ғылыми ізденістерге жол ашатын, ғылымның әр түрлі саласында өз дарындарыңызды айқындауға мүмкіндік беретін ауқымды сайыс түрі. Бүгін сіздермен бірге еліміздің шалғай аймақтарындағы 90 мыңға жуық оқушы мектеп қабырғасында алған барлық білімдері мен дағдыларын көрсете алады. Пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Биылғы жылы 23 оқушымыз ең беделді халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Келесі жылы солардың қатарында сіздер де болатындарыңызға кәміл сенемін», – деді министр.

Ауыл мектептеріне арналған Республикалық олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. Бұл бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуға және шалғай елді мекендердегі дарынды балаларды қолдауға бағытталған. Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін анықтау және қолдау білдіру, сондай-ақ, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар алуына жағдай жасау.

Олимпиада жаратылыстану–математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды қамтитын 13 пән бойынша өткізіледі. Бастапқы кезеңге қатысу үшін оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында тіркелуден өтті. Нәтижесінде 90 мыңнан астам оқушы қатысуға ниет білдірді. ІІ іріктеу кезеңі желтоқсан айында өткізіледі. Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде онлайн-платформада беріледі. III республикалық кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай мектепке қабылданады.

Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылдың ақпан айында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылып, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img