spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола оқушысы үш шетелдік университеттің стипендиялары мен гранттарын жеңіп алды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Айқын Алина- Көкшетау қаласы Әл Фараби ат. IT мектеп-лицейінің 11А сынып оқушысы.Ол оқу озаты және мұғалімдерінің мақтанышысы. Оның ең сүйікті пәндері – ағылшын тілі және математика.

Алинаның айтуынша: «Мен өте жан-жақты адаммын. Ағылшын тіліндегі пікірсайыстарға қатысып, халықаралық пікірсайыс турнирінде бірінші орынды иелендім, ғылыми жобаларға, ағылшын тілі бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстым, халықаралық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болдым. Біржан Сал музыка мектебінің 7 сыныбын фортепиано мамандығы бойынша бітіргем, осы бағытта да жетістіктерім бар».

Айқын Алина АҚШ-тың алдыңғы қатарлы 3 университетінің $260.000 көлеміндегі білім беру грантына және стипендиясына ие болды.
1. Florida Institute of Technology* (Florida Tech/STEM University) – бұл АҚШ – тағы ең үздік ұлттық бірінші деңгейлі университет деп танылған жаһандық зерттеу университеті.
2. Duquesne University- АҚШ-тағы үздік университеттер рейтингіне кіреді, сонымен қатар бүкіл Пенсильвания штатындағы үздік университеттер бойынша 13-ші орында.
3. Assumption University Forbes ұсынған «Американың үздік колледждері» тізіміне кіреді. Forbes сонымен қатар assumption University-ді елдегі ең жақсы университет деп атады, ол сонымен қатар АҚШ пен Массачусетс штатындағы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді.

Мұндай жетістікке қалай қол жеткіздің деген сұраққа, ол осылай жауап берді: «Мен өз портфолиомды өте ұзақ және сауатты құрастырдым. «IELTS Academic» академиялық ағылшын тілін білуге арналған халықаралық емтиханды жоғары балл – 7.5 (С1 деңгейі, озық ағылшын тілі) тапсырдым. Мен емтиханға өте мұқият дайындалдым, ағылшын тілін жетілдірдім, өйткені IELTS емтиханы шетелге түсу үшін өте маңызды мәселе болды. Сондай-ақ, бірнеше ай бойы «Инклюзивті Академия» халықаралық бағдарламасында еріктілікпен айналыстым, онда мүмкіндігі шектеулі балаларға ағылшын тілін үйреттім. Бірақ менің волонтерлік қозғалыс саласына алғашқы жолым «Феникс» волонтерлік орталығында басталды, онда мен республикалық чемпионаттар мен турнирлерді ұйымдастыруға көмектестім, республикалық ұйымдардан волонтерлер үшін оқудан өттім, сенбіліктерге бардым және іс-шараларда көптеген ұйымдастырушылық сәттерде көмектестім. Сондай-ақ маркетинг және халықаралық қатынастар саласындағы ірі компанияда тағылымдамадан өтті, онда әлеуметтік медиа арқылы нарықты ілгерілету стратегияларын талдадым».

«Халықаралық деңгейде даму туралы айтатын болсақ, бұл менің арманым болды. Шетелге түсу туралы мен 9-сыныпта ойлана бастадым. Мен IELTS-ке дайындалдым және шетелге түсу жолдары туралы сұрастырып білдім. Ата-анам менің жоспарларымда әрқашан қолдау көрсетті, бұл үшін мен оларға өте ризамын», – деп қосты Алина.

Айта кетейік, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша шетелдің жоғары оқу орындарына Ақмола облысы мектептерінің 86 түлегі оқуға түсті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img