spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

«WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық чемпионаты 23-25 қарашада өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз
WorldSkills Kazakhstan техникалық және кәсіптік білім беруге технологиялар мен әдістемелер трансфертіне жол ашады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында «Talap» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Шолпан Утельбаева мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстан ұлттық құрамасының WorldSkills сегіз халықаралық чемпионатына қатысуы ұйымдастырылды. 2023 жылы жарыс Польшада өтті.

«Ұлттық құрамамыз халықаралық чемпионатқа қатысу тарихында биыл алғаш рет үздік нәтиже көрсетті. Веб-технологиялар, желілік-жүйелік әкімшілендіру, графикалық дизайн, CAD инженерлік дизайны, тақтайшамен қаптау, мехатроника сияқты құзыреттіліктер бойынша екі медаль және төрт медальонға қол жеткізді. Бағалауға алғаш рет отандық сарапшылар жіберілді, бұл біздің сарапшыларға сенімділіктің көрсеткіші», – деді спикер.

Жарыс 5-9 қыркүйек аралығында өтті. Ұлттық құрамаға 28 қатысушы және 25 халықаралық сарапшы енді. Биылғы жылы кәсіптік шеберлікті бағалаудың сегізінші республикалық чемпионаты 23-25 қараша аралығында өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 535 жас маман мен 510 сарапшы жиналады.

«Үш жарыс күні ішінде колледж студенттері өз құзыреттері бойынша хас шебер атағы үшін күресетін болады. Олардың ішінде электр монтаждау жұмыстары, бизнеске арналған IT шешімдер, кірпіш қалау, мобильді роботты техникасы, мехатроника, шаштараз, аспаз, кондитерлік цех және т.б. бар», – деп хабарлады «Talap» КЕАҚ басшысы.

Республикалық жарыстың жеңімпаздары Франциядағы халықаралық чемпионатқа аттанады. Әлем біріншілігі 2024 жылдың 10-15 қыркүйегінде өтеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img