spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
29.2 C
Kokshetau

Ақмолада қарлы дауыл салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында қарлы боранның салдарынан Көкшетау қаласы мен өңірдің бірнеше ауданы жарықсыз қалды.

Қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатқанымен облыстың бірнеше аймағында әлі де болса жарықсыз қалған тұрғындар көп, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Деректерге сенсек, 20 м/сек жылдамдықтан асып кеткен дауылдан кейін Көкшетау қаласының бірнеше шағын ауданында, сол сияқты Қосшы қаласы мен бірнеше ауданда мыңдаған тұрғын жарықсыз қалған. Тұрғындар тәулікке жуық уақыт электр энергиясынсыз қалғанын айтып, қашан қалпына келтірілетінін сұрап жатыр. Облыстың бірнеше аймағының жарықсыз қалуына байланысты облыс әкімдігі түсініктеме берді.

– Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Боранның салдарынан электр желілеріне зақым келді. Көкшетау, Қосшы қалалары мен бірнеше аудандарда ғимараттардың шатыры ұшты. Жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта қалпына келтіріп жатырмыз, – деді әкімдік өкілі.

Дегенмен облыс тұрғындары өңірдің барлық аймағындағы электр желілерінің үп еткен желге шыдамайтынын ашына жазды.

«Жаз бойы жарықты қайта-қайта өшірді. Тіпті кесте де жасалды. Бірақ ештеңе де істелмеген»,  «Жылдар өтсе де, бәрі сол қалпы. Қар жауып еді. Тағы да жарық жоқ», «Электр бағаналары  ілініп-салынып тұрғанын мойындаңдар» дейді тұрғындар.

Қазіргі уақытта облыс аумағында бораннан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіріп жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,  Ақмола облысы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қолдау тапты

2025 жылдың 26 тамыз сағат 15:00 Ақкөл қаласындағы телемұнара маңында «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты ауқымды экологиялық акциясы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика