spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Көкшетауда «Кітап-AMANAT» кітап орталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаулық зиялы қауым, ақын, жазушылар мен фракция мүшелері «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалында «Кітап-Амаnat»  орталығын  ашты.

Қоғам қайраткері, жазушы- драматург Жабал Ерғалиев орталықтың ашылу салтанатында білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады дей келе, рухани байлық кітапты, білімді қалқан еткендер ғана рухани мықты болатындығын  айтып,  партияның бұл бастамасына оң бағасын беріп, кітаптарын сыйлады.

Игілікті шараға арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева әбден күйреуге түскен кітап оқу мен кітап тарату ісінің қайта қолға алынып, бұл іске партия бастамашыл болғандығына өз қуанышын жеткізді.

Партия ардагері, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұл «Президент халық арасында кітап оқу мәдениетін дамытудың маңыздылығын үнемі айтып келеді. Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударды»,- деп атап өтіп, аталған жобаның өміршең болуына тілектестік білдіріп, жуырда жарық көрген бірнеше кітабын орталыққа тарту етсе, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жас талантты ақындары өз өлеңдерін оқыды.

Жалпы, бүгінгі таңда  партияның облыстық филиалы жанындағы «Кітап -AMANAT» орталығында 400-ден астам кітап қойылған. Бағалары қымбат емес. Мұнда тек қазақ тілінде жарық көрген жаңа кітаптар ғана сатылмайды, сондай-ақ қазақстандық жазушылардың, авторлардың, баспагерлердің қатысуымен жаңа кітаптардың тұсаукесері мен талқылаулары және тағы басқа іс-шаралар өтеді.

Ақмола облысы бойынша Көкшетау қаласында ашылған кітап орталығы жуық арада Бурабай, Ерейментау және Целиноград аудандарында да ашылмақ.

Бұл жоба Қазақстандағы қазіргі заман авторларының шығармаларын ғана емес, жалпы отандық әдебиетімізді ілгерілетуге бағытталған.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img