Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы «Мектепке дейінгі білім берудегі үздік инновациялық жобалар» облыстық сырттай байқауын өткізді.
Іс-шара инновациялық және педагогикалық тәжірибені анықтауға, инновациялық даму тұрғысынан мектепке дейінгі білім берудің мазмұны мен білім беру технологияларын жаңартуға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сырттай конкурсына 22 жұмыс ұсынылды, олар мынадай критерийлер бойынша бағаланды: инновациялық жобаның өзектілігі, жаңалығы, маңыздылығы, жаңа әдістері мен практикалық бағыттылығы, ұсынылатын шешімдердің, тәсілдердің, қорытындылардың дәлелденуі, сондай-ақ инновациялық жоба шеңберінде мақсатты аудитория мен әдістерді таңдаудың негіздемесі.
Сараптама комиссиясының мүшелері жүлделі орындарға ие болған үздік жобаларды анықтады:
1 орын – Николаева Галина Иосифовна, Степногорск қ. «Балауса» бөбекжайының әдіскері. Инновациялық жоба «Огород для всех».
2 орын – Құсайынова Гүлмира Трумханқызы, Зеренді ауданының «Арайлы» бөбекжайының меңгерушісі. Инновациялық жоба «Мир особого ребенка».
2 орын – Махметова Марал Жанибекқызы, Көкшетау қаласының «Мерей» балабақшасының тәрбиешісі. Инновациялық жоба «Ши тоқу».
3 орын – Москаленко Елена Анатольевна, Көкшетау қаласының «Ертостик» балабақшасының тәрбиешісі. Танымдық-инновациялық жоба «Его величество – хлеб».
3 орын – Конкобаева Салтанат Маликовна, Бурабай ауданы Зеленый бор ауылының «Ромашка» бөбекжай балабақшасының әдіскері. Инновациялық жоба «Принципы нравственного воспитания как инструмент развития сотрудничества семьи и детского сада».
Жүлделі орындардың иегерлері «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен марапатталды.