spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
18.7 C
Kokshetau

Кезекті инклюзия кабинеті Ақмола облысында балаларды қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылғы 15 қараша күні Бурабай ауданы, Бурабай кенті, С. Сейфуллин атындағы мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды.

Заманауи және жабдықталған инклюзия кабинеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің салтанатты ашылуына Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы М.У. Ибраев, Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің маманы, мектеп директорлары, педагогтар, инклюзияны қолдау кабинетінің мамандары қатысты.

Инклюзияның жаңа кабинетінде логопед, дефектолог, психолог, емдеу-дене шынықтыру нұсқаушысы жұмыс жасайды.

Айта кетейік, облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 39 кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 600-ден астам бала айналысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика