spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Дженерал Электрик компаниясы Қазақстанда ультрадыбыстық диагностиканы оқыту үшін алғашқы орталықты ашты

Сондай-ақ...оқыңыз
Астанада денсаулық сақтау саласының мамандары үшін «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында GE HealthCare компаниясы ұйымдастырған еліміздегі алғашқы GE Healthcare Academy оқу орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблум, Ресейдегі/ТМД-дағы GE HealthCare Президенті және атқарушы директоры Елена Легезина және «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Камалжан Надыров қатысты.

Жаңа оқу алаңының мүмкіндіктері үздіксіз білім беру және білікті медицина кадрларын даярлау жүйесінің тиімділігін дамытуға және арттыруға бағытталған. Бұл қазақстандық дәрігерлерге әлемдік жетекші тәжірибелерге қол жеткізуге және өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын ұдайы жетілдіруге мүмкіндік ұсына отырып,  халықаралық тәжірибе мен  GE HealthCare білім беру бағдарламаларын және Қазақстанның медициналық қоғамдастығының сараптамасын біріктіруге мүмкіндік береді.

Мұндай тәсіл Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасы шеңберінде айқындалған міндеттерге жауап береді және елдегі білікті медицина кадрларының тапшылығын төмендетуге және халыққа медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

«Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде бірқатар келісімдерге қол қойылды. Қол қойылған келісімдердің бірінің нәтижесі GE компаниясымен УДЗ аппараттарын, компьютерлік томографтарды өндіру бойынша бірлескен зауыт ашу жобасы болып табылады. Ірі компаниямен әріптестік отандық өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен қатар медицина мамандарын оқытуға, медицина қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге де ерекше назар аударылатын болады», – деп атап өтті іс-шара барысында А.Ғиният.

Сондықтан, министрдің айтуынша, бұл Академия медициналық университет базасында ашылады, онда шетелдік оқытушылармен бірлесіп оқыту жүргізіледі.

Осыған байланысты, ол General Electric компаниясына еліміздің аумағында компания жобаларын енгізу мүмкіндігіне қатысты ынтымақтастық пен қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.

А.Ғинияттың айтуынша, әлемге әйгілі Пфайзер компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан тағы бір үлкен жоба өкпе ауруларының профилактикасы мақсатында пневмококкты инфекцияға қарсы вакцина шығару бойынша Қазақстанда фармацевтикалық зауыт ашуды көздейді.

Бұдан әрі Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник 32 мыңнан астам медициналық бұйымды сатып алуды көздейтін медициналық ұйымдарды техникалық жарақтандыру жөніндегі бес жылдық кешенді жоспардың жедел іске асырылуы туралы айтып берді.  Сондай-ақ, оның айтуынша, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында отандық медицина өнеркәсібін дамыту бойынша негізгі тәсілдер мен іс-шаралар айқындалған.

Іс-шара барысында вице-министр Бейбіт Есенбаев GE HealthCare компаниясының медициналық бейнелердің ұлттық архивін құру жөніндегі ұсынысын қолдады.

«GE HealthCare шешімдері мен өнімдері базасында Қазақстан Республикасының медициналық бейнелердің орталықтандырылған вендор-бейтарап архивін құруды қоса алғанда, барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бейнелердің ұлттық архивімен  өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық инфрақұрылымын жаңғырту клиникалық мамандардың өзара іс-қимылын, медициналық бейнелердің шоғырлануын қамтамасыз етеді», – деді денсаулық сақтауды цифрландыру жөніндегі вице-министр.

Өз кезегінде, Астана медицина университетінің Басқарма Төрағасы – ректоры Камалжан Надыров мұндай бағдарламалар Қазақстанда үздіксіз медициналық білім беру тұжырымдамасын қолдауға және дамытуға ықпал ететінін, сол арқылы елдің сәулелік диагностика саласындағы білікті мамандарға өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесетінін атап өтті. Университет жыл сайын 100-ге жуық рентгенологты шығарады және еліміздің түкпір-түкпірінен келген дәрігерлерді тұрақты түрде оқытады

«Біз Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мамандары үшін білім беру жобалары мен бағдарламаларын қалыптастыруға және дамытуға өз үлесімізді қосу мүмкіндігін мақтан тұтамыз. GE HealthCare Academy-дәрігерлерді кешенді оқытуға арналған заманауи алаң, диагностиканың жаңа технологиялары мен әдістері туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге көмектеседі. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірінің базасында оқу орталығын ашу республика дәрігерлерінің бүгінгі және болашақ ұрпақтарын кәсіби жетілдіру үшін таптырмас құрал болатынына сенімдімін», – деп атап өтті Ресейдегі/ТМД-дағы GE HealthCare президенті және атқарушы директоры Елена Легезина.

Орталықтың оқу бағдарламасына акушерлік, гинекология, репродуктивті медицина, кардиология және жалпы бейнелеу саласындағы ультрадыбыстық диагностика тақырыбы бойынша курстар кірді. Орталық жылына 150 тыңдаушыға арналған.

Оқыту форматы әртүрлі GE Healthcare демонстрациялық ультрадыбыстық жүйелері пайдаланатын клиникалық бағытына байланысты дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтиды. Атап айтқанда, GE HealthCare Academy базасындағы алғашқы сабақтардың шеңберінде тыңдаушылар жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жасалған Voluson E102 премиум-класты ультрадыбыстық жүйесінің жұмысымен таныса алады. Ең алдымен, бұл әйелдер денсаулығы саласында сараптамалық зерттеулер жүргізуге арналған.

Орталықта сабақтарды «Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушылары және клиникалық оқыту бойынша GE HealthCare жоғары білікті мамандары өткізеді. Дәрістер мен мастер-кластарға қатысуға жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар да шақырылады.

GE HealthCare – озық медициналық жабдықтарды, диагностикалау үшін фармацевтикалық препараттарды, сондай-ақ интеграцияланған цифрлық шешімдерді, қызметтерді және деректерді талдау жүйелерін әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі болып табылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img