Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «Ақкөл қаласында (Бигелдинов көшесі) жол-көлік желісін реконструкциялау» жобасының сапасына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында «Дорстрой материал-ХХІ» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу шарты 16.08.2022 ж. екі жылға жалпы сомасы 1,320 млрд. теңгеге жасалғаны анықталды.
Кестеге сәйкес, жұмыстың барлық түрлері және объектіні пайдалануға беру 14.11.2023 жылға дейін жүргізілуі керек еді, бірақ бүгінгі таңда жұмыстар тек 30-35% орындалды, осылайша кестеден
213 күнтізбелік күнге артта қалуға жол берілді.
Сонымен қатар, мердігердің іс-әрекеттерінде объектіде атқарушылық-техникалық құжаттаманың жоқтығында көрсетілген көптеген бұзушылықтар анықталды, төселген асфальттың еңісі жобалық шешімге сәйкес келмейді, жұмыстар жүргізу жобасы, жол белгілері, айналып өту сызбасы жоқ.
«Жоғарыда көрсетілген жұмыс кестесінің бұзылуы мердігерден Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 8.4-тармағында көзделген тәртіппен мерзімі өткен әрбір күн үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп ала отырып, шартты біржақты тәртіппен бұзу, сондай-ақ оны жосықсыз өнім беруші деп тану үшін негіз болып табылады.
Тексеру нәтижелері бойынша бас мердігер «Дорстрой материал-ХХІ» ЖШС ҚР ӘҚБтК 312-бабының 1-бөлігі (жобадан ауытқу) және
ҚР ӘҚБтК 315-бабы (құжаттаманың болмауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», – деп атап өтті облыстық ведомствода.
Сондай-ақ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК қорытындысына сәйкес төселген асфальттың сапасы нормаларға сәйкес келмейді және қайта төсеуді қажет етеді.