spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облыстық Антикор 1 млрд бюджеттік теңгенің ұтымсыз жұмсалуына жол бермеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин өңір мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы барысында хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі арқасында жыл басынан бері 1 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл құрал жоспарланған сатып алуларға бағаны жасанды түрде көтерудің алдын алуға, сол арқылы мемлекеттік ақшаны тиімсіз пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді.

Облыстық мәслихат өкілдері мен барлық аудан мәслихаттарының төрағалары заңнамалық новеллалар және бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының бастамалары туралы хабардар етілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қаржыландыру нысаналы және өлшенетін көрсеткіштер болған жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады. Бағалау халықтың өмір сүру сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық факторларының болуы призмасы арқылы жүргізіледі. Бюджет процесінде қаржылық мерзімдерден жобалық мерзімдерге көшу ұсынылады. Бюджет саясатының ашықтығына қол жеткізу үшін мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау және мемлекеттік қаржыны басқару процестерін бірыңғай платформаға біріктіру талап етіледі. Бюджет қаражатын «ақшаны бояу» қағидаты бойынша (бөлінген сәттен бастап игерілгенге дейін) сүйемелдеуді енгізу – олардың мақсатсыз пайдаланылуын болдырмайды. Цифрландыруды дамыту азаматтың шенеунікпен тікелей байланысын болдырмай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қылмыстық тәжірибе көрсеткендей, бюджетті жымқыру мен ысырап етудің жиі орын алатын тәсілдерінің қатарында – іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін актілерге заңсыз ақы төлеу және қол қою, ресми жұмысқа орналасу, қызметтік іссапарларды жалған ресімдеу. Сонымен қатар, қылмыстардың көп бөлігін ЖАО қызметкерлері жасайды.

Баяндамада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына ерекше назар аударылды. Жобаға 70-тен астам бей-жай қарамайтын ақмолалықтар қосылды. Антикор еріктілерінің назарында – бюджет шығындары, әлеуметтік нысандар және басқа да мәселелер.

Сонымен қатар, облыстық Антикор басшысының бірінші орынбасары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын және «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

«Бүгін халықтың проблемаларын шешу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, бюджеттік қаржыландырудың тиімділігі мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Депутаттық корпустың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды қолдауы және бірлескен ынтымақтастық жемқорлықты азайтуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп қорытындылады Айдос Жақиялин.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img