spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
8.2 C
Kokshetau

Алматыда Қаржыгерлер конгресінде Цифрлық теңге пилоттық режимде іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресі аясында ұлттық цифрлық валюта – «Цифрлық теңгені» айналымға енгізу жобасының алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктер мен олардың клиенттерінің қатысуымен цифрлық теңге платформасын пилоттық режимде іске қосты. Платформаның архитектурасы цифрлық теңгені екінші деңгейлі банктер клиенттеріне қызмет көрсететін банктің мобильді қосымшасында цифрлық шот ашу арқылы пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресі аясында Ұлттық Банк қатысушы банктердің пайдасына олардың цифрлық шоттарына және одан әрі банктер клиенттерінің цифрлық шоттарына цифрлық теңгенің алғашқы эмиссиясын жүргізді.

Сондай-ақ цифрлық теңгені пайдалану арқылы шынайы түрде алғашқы бөлшек транзакциясы жасалды.

Цифрлық шоттар арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу функционалынан басқа, «смарт-келісімшарт» технологиясын пайдалана отырып, әлеуметтік қолдау шаралары аясында есеп айырысуды автоматтандыру үшін Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп іске асырылған «цифрлық ваучерлерді» пайдалану сервисі де жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қатысушы банктер халықаралық төлем жүйелерімен ынтымақтаса отырып цифрлық карталар шығарды. Олар өз ұстаушыларына екінші деңгейлі банктерінің қолданыстағы төлем инфрақұрылымымен арадағы интеграцияның «тігіссіз» есебінен жеке және заңды тұлғалармен әдеттегі режимде цифрлық теңгенің төлемдері мен аударымдарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Осылайша, 2023 жылғы 15 қарашада шектеулі ортада және нақты пайдаланушылармен цифрлық теңге платформасы іске қосылды.

Цифрлық теңгені толықтай енгізу ісі оның сервистерін, пайдалану сценарийлерін және платформаға қатысушылар ортасын кеңейту арқылы 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика