spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
20.2 C
Kokshetau

Дөңгелек үстел барысында қысқы кезеңдегі ТЖ қаупіне жедел ден қою жайы талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаевтың төрағалығымен Ақмола облысы цифрландыру және мұрағаттар басқармасының «Smart Aqmola» КММ-де «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың туындау қаупіне жедел ден қоюға барлық мүдделі органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Әдетте, ауа райының салқындай бастауымен облыс аумағында төтенше жағдайлар, оның ішінде, күзгі-қысқы кезеңге тән – көктайғақ, қарлы боран, қар түріндегі жауын-шашын орын алады. Осыған байланысты, облыстың барлық өңірлерінде көлік инфрақұрылымын пайдалану бойынша мәселелер туындайды.

Кеңес барысында Ақмола облысы ТЖ департаментінің қысқы кезеңге дайындығы туралы, алдағы қысқы кезеңге арналған болжам туралы баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ «Қажсервис» ЖШС облыстық филиалының, «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ өкілдері сөз сөйледі.
Талқыланған проблемалық мәселелер бойынша кеңестің қорытындысы бойынша барлық мүдделі органдарға алдағы қысқы кезеңнен қауіпсіз өту жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика