spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
-0.1 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ұлттық валюта күнімен құттықтауы

Сондай-ақ...оқыңыз

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Ұлттық валюта – Теңге күнімен құттықтаймын! Биыл Қазақстан Республикасында өзінің ұлттық валютасының айналысқа енгеніне тура 30 жыл толып отыр. Мемлекеттілігіміздің күрделі жағдайында теңгені енгізу батыл да шешуші қадам болып тарихта қалды. Ол елімізде ұлттық қаржы жүйесінің құрылуына және экономикалық жағдайдың тұрақтандырылуына көп септігін тигізді. Төл теңгеміз тәуелсіз Қазақстан Республикасының, біздің егемендігіміздің, экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басудың шынайы бет-бейнесіне айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валютамыздың тұрақтылығы елдің экономикалық қауіпсіздігінің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. «Теңге біздің Тәуелсіздігіміздің символына айналды. Еліміздің қаржы жүйесінің алдында азаматтардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға ықпал ету міндеті тұр» деді ол.

15 қараша – Ұлттық валюта күні еліміздің қаржы саласының қызметкерлері өздерінің кәсіптік мерекесін атап өтеді. Аймағымызда көп жағдайда экономикалық өсім, азаматтардың әлеуметтік мәселелері солардың арқасында өз шешімін табуда.

Құрметті қаржы органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздердің адал еңбектеріңіз алдағы уақытта да өндіріс көлемінің артуына, іскерлі өміріміздің жандануына, ақмолалықтардың әл-ауқатының жақсаруына неғұрлым мол ықпал етуіне тілектеспін.

Сіздерге зор денсаулық, жақсылық, сарқылмас күш-жігер тілеймін. Сіздердің іскерлік қабілеттеріңіз біздің өңіріміздің игілігі үшін жаңа жетістіктерге ұлассын!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика