spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
1.2 C
Kokshetau

Миллионнан астам оқушы бір мезгілде ұлттық ойындар ойнайды

Сондай-ақ...оқыңыз

17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді. Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

«Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады.

Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған», – дейді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img