spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Қазақстандықтар қызылша ауруының қаншалықты қауіпті екенін білмейді – маман

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан халқын ұлттық деңгейдегі жоспарлы иммундауға вакцина жеткілікті мөлшерде жыл сайын сатып алынады. Қазіргі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның қосымша көлемін сатып алу жұмыстары жүргізілді. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы сараптамалық дөңгелек үстел барысында «Қазақстандықтар тарапынан сұраныс жоғары болса, вакцина мөлшері жете ме?» деген сұраққа жауап беру кезінде осылай деді.

«Осы жұмыстардың аясында 1 млрд теңгеден астам ақша бөлініп, 500 мың доза өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының үнемделген қаражаты есебінен сатып алынса, бұдан басқа Үкімет резервінен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді оған 1 млн шамасындағы қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрама вакцина сатып алынып жатыр», – деді Нұршай Әзімбаева.

Оның айтуынша, бұл вакцинаның 500 мың көлемі осы айдың соңына дейін келіп түседі деп жоспарланса, екінші көлемі 1 млн доза желтоқсан айында жеткізіліп, бүкіл өңірлерге тарату көзделіп отыр.

Сондай-ақ, маман қазақстандықтардың вакциналаудан бас тарту себептері ретінде қызылша ауруының қауіптілігін білмеуін, жеке нанымдарын, діни сенімдерін және теріс ақпаратқа еру жағдайларын атап өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img