30 жыл бұрын қазақтың ұлттық валютасы теңге айналымға шыққанда көңіліміз таудың төріне барып қонғандай күйді кешкенімізді әлі күнге дейін ұмытқан жоқпыз. Теңге ел тәуелсіздігінің экономикалық негізі болды. 15 қараша Қазақстанның ұлттық валютасы күні және қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі боп атанды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ведомстволық мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алды.
Ағымдағы жылдың 10 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 505,9 млрд.теңге түсті.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 244,4 миллиард теңгеге артық.
Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 29,5 млрд. теңге астам қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 6,2 млрд. теңге, қамералдық бақылау – 9,6 млрд. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру – 3,2 млн. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 0,5 млрд. теңге, кедендік әкімшілендіру – 0,3 млрд. теңге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 0,3 млрд. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 3,9 млрд. теңге. Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 12 мың 308 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 72% жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Жыл басынан бастап 647 мың 742 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,6 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.
1993 жылдың 15 қарашасынан бастап біздің валютамыз көптеген өзгерістерге тап болды, алайда Қазақстан халқы үшін құндылығы өзгермеді! Біздің валютамыз – Теңге өркендеп, нығая берсін!
Сонымен қатар, еліміздің қаржы саласын дамытуға Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің барша қызметкерлерінің баға жетпес үлесін атап өткіміз келеді. Барлық жоспарыңыздың орындалуына және жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз!
Сіздерге амандық, мықты денсаулық және баянды бақыт тілейміз!
Мерекелеріңізбен!
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы – Дулат Нұрмолдин