spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 16, 2024
1.2 C
Kokshetau

Серік Балжанов Есіл ауданының әкімі болып сайланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Марат Ахметжанов сайланған әкімді аудан активіне таныстырды.

Сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 11 390 адам қатысып, көпшілік дауыс Серік Балжановқа берілді.

Өңір басшысы есілдіктер үшін басым мәселелерді айта келе, ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы халық қалаулыларының аса маңызды міндеті болып табылатынын атап өтті.

«Қазір сайланған әкімдердің алдында үлкен міндеттер тұр. Тағайындау нысаны ғана емес, сонымен қатар оның қызметін бағалау критерийлері де өзгереді. Сайланған әкімнің алдына инвестиция тарту, өндірілетін өнім көлемін ұлғайту бойынша міндеттер қойып отырмын», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Серік Мырзасейітұлы Балжанов, 1980 жылы туған. Білімі жоғары, 2002 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «агроном-селекционер» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы АШМ Целиноград аудандық аумақтық басқармасының өсімдік шаруашылығын қорғау жөніндегі жетекші маманы болып бастады.

2005 жылдан 2015 жылға дейін – жеке кәсіпкер.

2015-2016 жылдары-Ақмола облысы «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

2016-2019 жылдары-Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.

2019-2022 жылдары-Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі.

2022-2023 жылдары – «Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы»ММ басшысы.

2023 ж.-«Бейсен-1» ЖШС Бас директорының орынбасары, Есіл қ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img