spot_img
Жұма, Наурыз 13, 2026
0.2 C
Kokshetau

Республиканың тарихы терең колледждерінің бірі 125 жылдығын атап өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

9-10 қарашада еліміздің сұлу жері Бурабай өлкесінде Щучинск қ. орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің 125 жылдығына арналған республикалық конференция өтеді. Конференциясының мақсаты: колледждің мерейтойын мерекелеу аясында өткізілетін іс-шараларды қорытындылау.
Республикалық конференция аясында 9 қараша күні экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тәжірибелермен, идеялармен, шешімдермен алмасуға бағытталған «Бурабай Қазақстанның інжу маржаны» атты ЭкоТурВЕЅТ фестивалі өткізіледі.
Щучье – Бурабай курорттық аймағының жұмыс алаңдарында экотуризмді дамыту және танымал ету бойынша жаңа, креативті жобалар таныстырылады.
Фестивальға қатысушылар: «Қоршаған орта», «Орман шаруашылығы» бейіні бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің құрамына кіретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары.
Жобалау жұмыстарының бағыттары:
– ғылыми: қорық аймақтарына келушілердің табиғатты зерттеуге, далалық бақылауларды жүргізуге қатысуы;
– табиғат тарихы турлары: қоршаған ортаны білу мақсатында қорық аймақтарына бару;
– шытырман оқиғалы-белсенді демалыс тәсілі: тау туризмі, су, шаңғы, сүңгу, сондай-ақ атпен саяхаттау;
– табиғи резерваттарға, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына саяхат.
Ең қызықты, шынайы жобалар Ақмола облысы білім басқармасының басшысының Алғыс хаттарымен марапатталады.
Конференцияның өтетін күні: 10 қараша 2023 жылы, сағат 11-00, Бурабай ауданы, Бурабай п., «Оқжетпес» МҮ
Айта кетейік, ЭкоТурВЕЅТ фестивалінің жұмысына тәжірибелі педагогтар, табиғатты қорғау және туристік сала қызметкерлері қатысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика