spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
3.2 C
Kokshetau

Метил спиртінен жасалған қатып қалатын антифриз. Техреттеу комитетінің төрағасы автохимия саудасындағы бұзушылықтар туралы айтып берді

Сондай-ақ...оқыңыз
Тосол, салқындатқыш сұйықтық, антифриз, мотор майлары. Маусымаралық кезеңде қазақстандық автокөлік иелері тарапынан аса сұранысқа ие тауарлар – осылар. Алайда кейде олардың сапасы сын көтерей жатады. Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлері қазақстандықтардың шағымдарына құлақ асып, тексеру жүргізді. Мекеме басшысы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, шағымдар бойынша 10 өңірде бақылау шаралары жүргізілген. 43 жағдайда саудаланған мұнай-химия өнімдерінің техникалық регламентке сай келмейтіні анықталды.

«Біздің тұтынушылар тосол, антифриз сатып алады. «Аязда қатпайды» деп жатамыз. Сыртында «-40 градус» деп жазылған, біздің жақтың қысына бейімделген. Нәтижесінде мұндай антифриздердің -20-ға, тіпті -10-ға төтеп бере алмайтынын көреміз. Мұндай өнім автокөлікке зиян тигізумен шектелмейді. Кейбірінің құрамында метил спирті 20% -дан асады, бұл тыйым салынған. 0,05% деңгейінде рұқсат. Метил спирті адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін», – деп түсіндірді спикер.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 18 млн теңгеден асты, өнімді сатуға тыйым салу туралы 26 қаулы шығарылды.

Сондай-ақ техникалық реттеу комитетінің төрағасы автокөлік иелері жанармай құю станцияларында Еуро4 және Еуро5 сынды К4, К5 экологиялық отын санаттары туралы ақпарат алуға құқылы екенін еске салды. Бірақ жанармай құю станцияларының барлығы бұл талапты орындай бермейді. Алматыда отын тарату бағандарында мұндай белгіні орнатпау жағдайлары анықталды. Нәтижесінде айыппұл салынды.

Қуаныш Елікбаев осындай бұзушылықтар анықталған кезде тұтынушыларды техникалық реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне және метрологтарға жүгінуге шақырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика