spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-27.8 C
Kokshetau

Юрий Курушин Егіндікөл ауданының әкімі болып тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен Юрий Курушин Егіндікөл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Курушин Юрий Викторович, 1976 жылы туған, Ақмола облысы Шортанды ауданының тумасы. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 1995 жылы Шортанды ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған.

1995-2006 жылдары – Шортанды ауданы бойынша Салық комитетінің әртүрлі жауапты лауазымдарында жұмыс істеді.

2006-2013 жылдары – Ақкөл, Жақсы аудандары бойынша салық басқармаларының бастығы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы қаңтарға дейін – экономика және қаржы бөлімінің басшысы, содан кейін 2018 жылғы шілдеге дейін – Ақкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қарашасына дейін – Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін Ақкөл ауданының әкімі қызметін атқарды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика