Қазан айының 30-ы мен 2-сі аралығанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада өткізілді. Ұлттық ойында NIS пен Астана Халықаралық мектебінің 94 оқушысы 3 санат бойынша бақ сынады. Олар қашықтан «PlayOK» платформасында рапид түрінен жарысты.
Көкшетау қаласындағы NIS-тің оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпыкомандалық есепте кіші топ 1-орын иеленсе, жоғары топ 2-орынға тұрақтады. Жеке есепте 6-сынып оқушысы Әзиз Әбділман 1-орын, 5-сынып оқушысы Айзат Сәрсенбай 2-орын, 12-сынып оқушысы Мират Жұмағұл жүлделі 1-орын алды.
– Осы жылы қарсыластар өте жақсы ойнады. Қорғанысы, шабуылы, жалпы тактикалары мықты болды. Мен тоғызқұмалақты 5 жыл қатарынан ойнап келемін. Осы жылы барлық ойында жеңіске жетіп, 1-орын алдым, – дейді 12-сынып оқушысы Мират Жұмағұл.
Айта кетейік, ұлттық ойында Маңғыстау облысының тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдердің аға жаттықтырушысы Марат Бекбауұлы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының жүлдегері Гүлнар Базаралиева және Жетісу облысының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Бауыржан Шурин қазылық етті.