Оның айтуынша, басты новелла – ел азаматтарын мемлекетті басқару істеріне тарту.
«Бұл жерде алғаш рет заңмен «қоғамдық бақылау», қоғамдық бақылаудың «субъектілері» және «объектілері», «қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мүдделер қайшылығы» ұғымдары берілгенін атап өту қажет. «Қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды құжат», «қоғамдық бақылау тобы» ұғымдары, сондай-ақ «дәлелді жауап» ұғымы берілген. Заңда қоғамдық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері айқындалып, оның принциптері ретінде «заңдылық», «жариялылық», «ашықтық», «ерікті қатысу» және «қоғамдық бақылау субъектілерінің тәуелсіздігі» деп көрсетілген», – деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ заңда қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысу шарттары айқындалған. Сонымен қатар, петициялар институты реттеу ілеспе заңда қарастырылған. Бұл заңмен реттелетін алғашқы құрал.
«Бұл жағдайда заңда өтініш берудің шекті мәндері, өтініш беру процесінің өзі, уәкілетті органның іс-әрекеті айқындалған. Қарау мерзімдері анықталды, сондай-ақ «Е – Өтініш» ақпараттық жүйесінде қандай мәселелер мен ұсыныстарды қарауға болмайтыны туралы түсінік беріледі», – деп түйіндеді өз сөзін МАМ өкілі.