30-31 қазан аралығында екі күн бойы Ақмола полицейлері «ODARA – ұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалау құралын қолдану» халықаралық тренингінің тыңдаушылары болды.
Іс-шараның бастамашылары ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп Фридрих Эберт атындағы неміс қоры болды. Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге ғана емес, агрессорлармен жұмысты іске асыру мүмкіндігіне де көмек көрсету саласында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында ведомствоаралық өзара іс-қимыл құру.
Жоғарыда аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ ведомстволық оқу орындарының оқытушылары, Германияның құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Ақмола облысын республикалық тренингте Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы капитан Альбина Дауенова таныстырды.
Аға инспектор өзінің алған әсерлерімен және алған жаңа білімдерімен бөлісе отырып, отбасылық агрессорлардың халықаралық типологиясы, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларындағы олардың негізгі стратегиялары және сарапшылар ODARA құралымен жүргізген практикалық жұмыстары туралы айтып берді .
Альбина Бакперовнаның айтуынша, тренингте ұсынылған тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін бағалау құралы күнделікті өмірде құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтауға және болашақта қасақана агрессорлармен мақсатты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, тренинг барысында Фридрих Эберт атындағы қор Қазақстанда Германиядан келген сарапшылармен бірлесіп ODARA тәуекелдерін бағалаудың халықаралық құралын қолдануға оқыту жүргізілетіні атап өтілді.
Халықаралық тренингтің барлық қатысушыларына курстан өткені туралы сертификаттар табысталды.