spot_img
Сенбі, Қазан 11, 2025
0.2 C
Kokshetau

Қазақстанда кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленді

Сондай-ақ...оқыңыз
Онда педагогтерді қолдаудың бірқатар шаралары, оның ішінде нақты жүктеме мен еңбекақыны ескерумен 150%-ға дейін ынталандыру төлемдері қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Бұдан басқа, мақсатты аймақтарға тартылған мұғалімдер кадрлық резервке енгізіліп, «Жылдың үздік жас мұғалімі» байқауына қатыса алады (жүлде қорында Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарында 3 айлық тағылымдамадан өту және орта білім беру бойынша халықаралық конференцияларға жолдама беру қарастырылған).

Арнайы бағдарлама бойынша жұмысқа қабылданған педагогтерге 2023 жылы аттестаттау рәсімінен өтпей бір деңгейге жоғары біліктілік санаттары берілді. 24 педагогке «шебер-педагог», 18 педагогке – «педагог-зерттеуші», 2 педагогке – «педагог-сарапшы», 8 педагогке – «педагог-модератор» біліктілік санаттары берілді. Аталмыш шара педагогтердің жалақысын 30 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты

Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика