spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
3.6 C
Kokshetau

«Ұлттық қордан» жинақталған қаражат – баланың айрықша меншігі

Сондай-ақ...оқыңыз
«Ұлттық қордан» жинақталған қаражат бала 18 жасқа толған кезде уәкілетті операторларға өтініш бергеннен және шот ашқаннан кейін көрсетілген шотқа аударылады. Ал 18 жасқа толғанға дейін балалар «қатысушылар» болып есептеледі, кәмелетке толғаннан кейін «Алушылар» санатына көшеді. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында хабарлады. Сондай-ақ, ол алушылар ретінде заңды өкілдер мен мұрагерлер де бола алатынын жеткізді.

«18 жасқа толған кезде жинақталған қаражат баланың айрықша меншігі болады… Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталатын құқық беріледі. Шоттағы қаражат 10 жыл ішінде талап етілмеген жағдайда, сол адамның зейнетақы шотына аудару мүмкіндігі бар.Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан кезде төлемдерге талап қою құқығы да жойылады», – деп мәлім етті салалық министрліктің өкілі.

Сонымен бірге, спикер шоттардағы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын сақтау үшін жобаның операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы айқындалғанын хабарлады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика