Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» 2023 жылғы 22-24 қазан аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған X республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында өткізілді.
Іс-шараның мақсаты мен міндеті: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқауға облыс бойынша барлығы 100-ден аса оқушы қатысты.
Байқау 6 номинация бойынша өткізілді:
-Эссе жазу;
-Ұлттық аспапта өнер көрсету;
-Көркемсөз оқу;
-Шешендік, білгірлік сайысы;
-Ақындар мүшәйрасы;
-Ақындар айтысы.
Байқаудың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен 6 қатысушы, ІI-дәрежелі дипломмен 11 қатысушы, ІII-дәрежелі дипломмен 17 қатысушы, грамотамен 10 қатысушы марапатталды.
Облыстық турда 1 орын алған жеңімпаздар конкурстың республикалық кезеңінде облыстың намысын қорғайды:
1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Алмас Аяулым – , Есіл қаласы №3 орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Бақытбек Аружан – Шортанды ауданы, Степной ауылы орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша Болатбек Жанбота – Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша Нурмуханова Дильназ – Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
5. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Серигболатұлы Сәттібек марапатталады – Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Дәулетқызы Баян – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Құттықтаймыз!Келесі кезеңге сәттілік тілейміз!