spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Республика күні – Қазақстан халқының бірлігі мен егемендігіміздің нышаны

Сондай-ақ...оқыңыз

Біз Қазақстан халқының бірлігі мен егемендігіміздің нышаны болып табылатын бұл мерекені айрықша қуанышпен қарсы аламыз.Құттықтау
Құрметті қарулас достар, қадірлі отандастар!
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5510 әскери бөлімі жеке құрамының атынан, өз атымнан Сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз Қазақстан халқының бірлігі мен егемендігіміздің нышаны болып табылатын бұл мерекені айрықша қуанышпен қарсы аламыз.
Тәуелсіздік бізге ұлттық және жаһандық ауқымдағы үлкен жауапкершілікті жүктеді. Қазақстан халқы өзінің бірлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында уақыт сынынан сүрінбей өтті.

Біздің міндетіміз – бірлік пен келісімді сақтап, нығайту. Бұл міндетін еліміздің барлық азаматтарынан парасаттылықты, көрегендік пен өзара сыйластықты талап етеді. Бүгінде Қазақстан Республикасы әлеуетті, әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, ал Ұлттық ұлан оның қауіпсіздігінің кепілі.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні барлық әскери қызметшілерге, ел азаматтарына зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, игілік пен бақыт тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Ізгі тілекпен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің командирі полковник Манат Наукеев

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика