spot_img
Сенбі, Қазан 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Республика күніне тарту: Қосшы қаласында жабық футбол алаңы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қосшы қаласында Республика күніне орай «Қосшы Арена» заманауи жабық футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazinform

Жаңа спорт нысанының аумағы — 12500 шаршы метр. Жеке инвестиция есебінен салынған. Нысанда киінетін, жуынатын бөлме, көрермендерге арналған балкон қарастырылған.

Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалада балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Сонымен бірге спорт нысандарының санын арттыру үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Оны 2024 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

спорт нысаны
Фото: Қосшы қаласы әкімдігі

Жақында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.

«Өздеріңіз білетіндей, „Верный капитал“ қоры биыл балаларымызға республика көлемінде теңдесі жоқ жаңа мектеп-гимназиясын сыйлады. Біздің осы қормен әлеуметтік серіктестігіміз жалғасады. Қазіргі уақытта қоғамдық мәдени-спорт орталығының құрылысын бастау жоспарланған», – деп атап өтті Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов.

Қала басшысы атап өткендей, биыл 400 орындық мәдениет үйін салу жобасы әзірленген. Ол 2024-2025 жылдары жүзеге асырылады.

«Бұл көрсеткіштер — Қосшы қаласында спортты дамыту үшін жағдай жасалып жатқандығының дәлелі деп санаймын және осы бағыттағы жұмыс жалғасады», – деді қала басшысы.

Жаңа футбол алаңының ашылуына ата-аналар да қуанып отыр.

«Балаларымыз енді бос уақыттарын тиімді пайдаланады және сүйікті спорт түрімен айналысады. Менің ұлым футболға әуес. Болашақта атақты футболшы болғысы келеді. Балаларымыздың келешегі үшін жағдай жасалып жатқандығына ризамыз», – дейді қала тұрғыны Маржан Төлеуова.

Айта кетсек, бұдан бұрын Республика күніне орай Көкшетауда 65 отбасы жаңа пәтердің кілтін алғанын жазған едік.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img