spot_img
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
-30.2 C
Kokshetau

«Казцинк» Көкшетауда мектеп құрылысын қаржыландырады

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылғы 23 қазанда Көкшетау қаласының әкімдігі, «Казцинк» тау-кен металлургиялық компаниясы және оның еншілес кәсіпорны «Altyntau Kokshetau» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың облыс орталығында жаңа мектеп салу жөніндегі міндеттемелерін бекітеді.

«Бұл меморандум маңызды мәселелерді шешу және аса сұранысқа ие жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен табысты ынтымақтастықтың тағы бір көрсеткіші болып табылады. Жаңа мектеп салу балаларға білім беру мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы серпінді кезең болатынына сенімдімін», – деді өз сөзінде «Казцинк» ЖШС Бас директоры Александр Хмелев.

300 орындық білім беру нысаны Әуезов көшесіндегі №10 мектептің орнында пайда болады. Талаптарға сай келмейтін ескі ғимаратты бөлшектеуді қала әкімдігі қамтамасыз етеді. Жаңа мектептің құрылысын «Казцинк» қаржыландырады, процесті жергілікті жерде ұйымдастыруды «Altyntau Kokshetau» қамтамасыз етеді.

@7162akimdigi

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика