spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 7, 2025
17.6 C
Kokshetau

Ақмолалық 15 азаматтың құқытары мониторинг жүргізу нәтижесіндеқалпына келтірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан мониторинг жүргізу арқылы қызмет алушылардың құқықтарын сақталуын қаматамасыз ету нысанында  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қосшы қаласы әкімдігінің қызметінде 15 азаматқа нақты себептерін көрсетпестен, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту фактілері анықталды. Жүгінгендердің арасында тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің иелері де, кәсіпкерлер де болған.

Өтініштердің құжаттамаларын зерделеу барысында жергілікті атқарушы орган отырысықа жер комиссиясы мүшелерінің жеткілікті санын қаматамасыз ете алмағаны үшін бас тарту туралы шешімдер қабылдағаны анықталды. Алайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің ережелерін ескере отырып, мұндай мән-жай қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз бола алмайды.

Осыған байланысты Департамент Қосшы қаласының әкімдігіне қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру туралы ақпараттық хат енгізді.

Соның нәтижесінде барлық өтініш иелеріне жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзерту туралы шешімдер ұсынылды, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл қызмет түрі өз учаскесінің нысаналы мақсатын қолданыстағы қала құрылысы құжаттамасымен сәйкестендіріп құрылыс жүргізуді қалайтын азаматтар мен  кәсіпкерлік субъектілерінің арасында сұранысқа ие.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Гранитное ауылындағы сарбаздар зияткерлік сайыста сынға түсті

Зеренді ауданына қарасты Гранитное ауылындағы 55/10 әскери бөлімінде Отан қорғаушы күніне арналған дәстүрлі саптық шеру ғана емес, нағыз ақыл-ой...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика