spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмолалық студент «AstauFest-2023» Халықаралық фестивалінің жүлдегері атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана қаласында Төртінші Халықаралық «AstauFest-2023» гастрономиялық фестивалі өтті.
AstauFest-2023- жыл сайынғы халықаралық аспаз күні қарсаңында өткізілетін іс-шара. Негізгі мақсаты қоғамдық тамақтандыру мамандарының шеберлік деңгейін арттыру.

Кәсіби шеберлік байқауына Красный Яр а. көпсалалы инновациялық колледжінің студенті Нұрлан Қайрат «Жыл наубайшысы» құзіреттілігі бойынша қатысты.

Фестивальда 6 елден: Түркия, Қырғызстан, Ресей, Татарстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 60-тан астам қатысушы бақ сынады.

Байқауға келген қатысушыларды білікті қазылар алқасы, кәсіби сарапшылар тобы бағалады: Әділханов Серікхан Саметұлы (Қазақстан, Алматы), Умаралиев Талибджан Кучкаралаевич (Өзбекстан), Дониёр Маликов (Өзбекстан), Эр Одзен (Түркия), Азамат Алматұлы Шокоев (Қазақстан, Астана).

Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша Нұрлан Қайрат жүлделі екінші орынға ие болды.

«Іс – шара Астана қаласында жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Өзінің табандылығымен және өндірістік оқыту шеберлерінің, яғни, Корнилова Ирина Николаевна және Тлеужанов Азамат Фаридовичтің күнделікті, жүйелі жүргізілген жұмысының арқасында Қайрат тамаша нәтижеге қол жеткізді»,- деп атап өтті колледж директоры Сайран Сейітқалиева.
Құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img